Қош келдің, Әз-Наурыз! » «Бақыт» бөбекжай-балабақшасы»
«Бақыт» бөбекжай-балабақшасы»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:190440040238
Қабылдау бөлімі:
+7(771) 444-88-50
"Әдіскер:
+7(771) 444-88-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
тамыз
2026

Қош келдің, Әз-Наурыз!

Күні: 20.03.2026


Тәрбиешілер: Қасенғазы Назым, Абыир Гүлдана


Тақырыбы:Қош келдің, Әз-Наурыз!


Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз - қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.


Көрнекіліктер:Киіз үйдің керегесі, сандық, көрпе-жастықтар, түлкі, домбыра, күбі.


Барысы: Шаттық шеңбері.

 Бақша-біздің үйіміз

Тату-тәтті жүреміз

Баулып апа,ағамыз,

Құстай қанат қағамыз

Жақсы болып өсуге,

Біз тырысып бағамыз.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем.

- Көктем мезгілінің қай айы?

- Наурыз.

- Дұрыс айтасыңдар балалар,қазір көктем мезгілінің наурыз айы.

- Көктем мезгілі үш айдан тұрады.

- Олар Наурыз,Сәуір,Мамыр.

Ай аттарын балалар бірге қайталайды.

- Көктем мезгілінде табиғат қандай өзгеріске ұшырайды?

- Көктемде қар еріп,күн жылынады,ағаштар бүршік жарып алғашқы гүл –бәйшешек шығады.

Көктемде үлкендердің көмегімен балабақша ауласында гүл егеміз,ағаштардың түптерін қопсытамыз. Көктем мезгілінің Наурыз айы адамдардың асыға күтетін мерекелерінің бірі. Бұрынғы кездің адамдары қыстан аман-есен өтіп,көктем мезгілінде қауышады екен.

Сондықтан Наурыз жыл басы деп аталады.Бұл күні барлық адамдар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Бір-біріне «Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын» деген тілектер айтады. Араз адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып, бірін-бірі кешіреді.

Суретпен жұмыс.

Қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі - Наурызкөже пісіріліп жатыр.

- Балалар Наурызкөжені 7 түрлі тағамнан дайындайды.

«Наурыз мерекесінде үйге қаншама адамдар келіп,наурызкөжеден дәм татса,үй иесіне соншама жақсылық келеді» деген ниетпен адамдар бір-бірін қонаққа шақырады. Олай болса әжемймен бірге бәріміз Наурызкөже жасайық. Ол үшін қолымдағы тағамдарды әжейдің қазанына салайық. Тақтаға 7 бала шығып кезекпен суреттердегі көрсетілген тағамдарды әжейдің қазанына салып шығады.

 

            Жақсы балалар осымен Наурызкөжеміз дайын болды. Тағы ұлттық тағамымыздың бірі Бауырсақ.  Бауырсақ-қазақ халықтарының дәстүрлі нанының бір түрі,майға қуырылған төртбұрышты немесе дөңгелек пончик тәрізді. Бауырсақтарды ашытылмаған немесе ашытылған қамырдан дайындауға болады. Енді балалар ашытылған қамырдан бауырсақ кесіп, майға қуырып алайық. 


Бұл дән – бидай деп аталады. Бидайдан талқан жасайды. Талқан — қуырылған бидайдан, арпадан, жүгеріден ұнтақталып дайындалады. Ерте кезде талқан дайындаудың екі тәсілі болған. Бірі — қол диірменге тарту, екіншісі — келіге түю.



Сүт өнімдері – сүттен жасалатын пайдалы тағамдар. Олар адамның денсаулығын нығайтады, сүйек пен тістің мықты болуына көмектеседі. Сүт өнімдеріне мыналар жатады:

Сүт, айран, сары май, ірімшік, қаймақ, қатық, құрт. Енді сүт өнімінің   бірі қатықпен танысайық. Қатық – сүттен жасалатын ұлттық тағам. Оны сүтті қайнатып, ұйытқы қосып дайындайды. Осы қатық тан домалатып құрт жасайық. 



Бұл күбі деп аталады. Күбі — бұл қымыз, айран, шұбат және ашытылған теріге арналған ағаш ыдыс. Қымыз — биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.енді осы күбіге қымызды пісейік.



Өте жақсы балалар! Сендер қазақтың ұлттық тағамдары, сусындарымен таныстыңдар. Ұлттық тағамдарымызды құрметтеп, олардың пайдасын біліп жүруіміз керек. Сендер бүгін өте жақсы қатысып, көп нәрсе үйрендіңдер. Ұлттық дәстүрімізді сақтап, қадірлейік.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив